1. Молекулярлық биология және биохимия
Көмірсу
Олар жасыл өсімдіктердің жасушаларындағы фотосинтез процесі негізінде түзіледі. | Глюкоза Фруктозадан құралады | Гликоген Хитин Целлюлоза Крахмал | Бунақденелілердің сыртқы қаңқасы өсімдік жасушасының қабырғасын түзеді. Жапырақта қорға жиналады |
Майлар
Киттер, морждар, т.б. жануарларда шелге жинақталып, аса салқындаудан сақтайды. | Май балауыз | Май қышқылы Глицериннен тұрады | Фосфолипидтер, жануар және өсімдік майлары, балауыз, липидтер |
Нәруыздар
Оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды | Коллаген Меланин Альбумин Гемоглобин Хлорофилл | Аминқышқылдардан тұрады | Теріде, етте, қанда, болады. Барлық жасуша құрамына кіреді. |
Нуклеинқышқылдары
Хромосомалар құрамында болады және генетикалық ақпаратты белгілерін сақтайды | ДНҚ, РНҚ, | Нуклеотидтерден құралады | Жасуша ядросындағы хромосомада орналасқан |
Сабақтың тақырыбы:
- Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық.
Полимерлер — көп сан қайталанып тұратын мономерлер тізбегі.
Мономерлер — полимер молекуласы құрамындағы қайталанып тұратын кіші молекулалар.
Полимерлерге нәруыздар, полисахаридтер, липидтер және нукленинқышқылдары жатады. Нәруыздарға қандағы гемоглобин, альбумин, терідегі коллаген, меланин, жапырақтағы хлолрофилл, жасушаны құрайтын басқадай нәруыздар мен барлық ферменттерді жатызуғаболады. Оттегін ұлпаларға, көмірқышқыл газын өкпеге жеткізуде «гемоглобин» тасымалдау қызметін атқарады. Адам және жануарлардың асқорыту жүйесінде ферменттер әсерінен аминқышқылдарға дейін ыдырайды.
Полисахаридтерге крахмал, жасунық, муреин, гликогенді жатқызуға болады. Олар глюкоза, фруктоза, галактоза сияқты момносахаридтерден құралған. Саңырауқұлақтардың жасуша қабатында сыртқы қаңқадан жасуша қабырғасын түзіп, беріктігін арттырады. Өсімдік жасушасының қабырғасында целлюлоза беріктік қасиет беріп, судың жоғалуын болдырмайды. Адам және жануарлар бауырының жасушаларында гликоген түрінде қорға жиналады.
Липидтердің мономері май қышқылы мен глицерин. Полимерлері: фосфолипидтер, жануар және өсімдік майлары, балауыз, триглицеридтер. Суда ерімейді.
Жылуды нашар өткізеді.
Нуклеинқышқылдарына ДНҚ мен РНҚ жатады. Олар хромосома құрамында болады және тұқым қуалау белгілерін жеткізуді қамтамасыз етеді. Ядролардағы хромосомаларда орналасқан, қос шиыршықталған. Олар нуклеотидтерден құралған полимерлер. Нуклеотидтер азотты негіз, қант және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады.