Білім беру және педагогикалық жобаларды іске асыру бойынша материалдар (бар болса);

163 нқ Облыстық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы

"Жетекші мектеп; мәселе, ізденіс" тақырыбындағы облыстық семинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін. 24.10.2023 жыл

Үздік ұйым жобасы

Білім беру ұйымында  оқыту порталын құру

Жобаның тақырыбы:  «Рersonalization  жобасы (Дербестендіру  тетіктері арқылы оқушыларды ынталандыру)»

«Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығының VI семинар-отырысы.

28 ақпан күні Маңғыстау облысы бойынша білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығы жоспарына сәйкес  «Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» VI семинар-отырысы болып өтті.

Семинар аясында №21 жалпы білім беретін мектеп  және Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

  • «Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы»/Ашық сабақ/ Әлімбаева Тілектес Аяпбергенқызы.
  • «Өсімдік ұлпаларынан ДНҚ-ны бөліп алу мүмкіндігін зерттеу»/ зертханалық жұмыс/ Жумаев Бекмуханбет Казмухамбетович.
  • «Каталаза мысалында ферменттердің қасиеттерін зерттеу»/ Зертханалық жұмыс/ тәжірибе алмасу/ Нияз Мадина Мухамбеткалиевна-Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі.
  • «Биология пәні бойынша олимпиадалық күрделі есептерді шығару»/ Шеберлік сыныбы/ Сағадинов Сағындық ӨмірбайұлыАқтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі

28 ақпан 2023 ж