Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау мақсатында БҮЙЫРАМЫН:
1.5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі 2023 жылдың 5-6 желтоқсаны күндері (басталу уақыты: сағат 8:30) «ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында өткізілсін (бұдан әрі — Олимпиада).
2. Бекітілсін:
2.1. Олимпиаданың ережесі (1- қосымша);
2.2. Олимпиаданың ұйымдастыру құрамы (2-қосымша);
2.3. Олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері (3-қосымша);
2.4. Олимпиадаға қатысушылар тізімі (4-қосымша).
3. Мектеп директорларына:
3.1. Олимпиадаға қатысушылардың сүранысы 2023ж. 29 қарашасына дейін Ақтау қаласы бойынша «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жіберілсін.
4. «ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына (А. Батырова):
4.1. Олимпиаданың өз деңгейінде өткізілуіне жағдай жасалсын.
4.2. Олимпиада оқу процесіне кедергісіз ұйымдастырылсын.
5. «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскеріне (С.Махина):
5.1 .Олимпиаданың жан-жақты дайындықпен өтуі ұйымдастырылсын.
б.Осы бұйрықтың орындалысын бақылау «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры К.Мироваға жүктелсін.
6.1 .Олимпиада шығын сметасына сәйкес уақытында қаржыландырылсын.