163 нқ Облыстық ғылыми жобалар конкурсын өткізу туралы
"Жетекші мектеп; мәселе, ізденіс" тақырыбындағы облыстық семинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін. 24.10.2023 жыл
Үздік ұйым жобасы
Білім беру ұйымында оқыту порталын құру
Жобаның тақырыбы: «Рersonalization жобасы (Дербестендіру тетіктері арқылы оқушыларды ынталандыру)»
«Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығының VI семинар-отырысы.
28 ақпан күні Маңғыстау облысы бойынша білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ақтау қаласы бойынша биология пәні мұғалімдері қауымдастығы жоспарына сәйкес «Оқыту мен оқуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытудың тиімділігі» VI семинар-отырысы болып өтті.
Семинар аясында №21 жалпы білім беретін мектеп және Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
- «Есту мүшесінің құрылысы мен гигиенасы»/Ашық сабақ/ Әлімбаева Тілектес Аяпбергенқызы.
- «Өсімдік ұлпаларынан ДНҚ-ны бөліп алу мүмкіндігін зерттеу»/ зертханалық жұмыс/ Жумаев Бекмуханбет Казмухамбетович.
- «Каталаза мысалында ферменттердің қасиеттерін зерттеу»/ Зертханалық жұмыс/ тәжірибе алмасу/ Нияз Мадина Мухамбеткалиевна-Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі.
- «Биология пәні бойынша олимпиадалық күрделі есептерді шығару»/ Шеберлік сыныбы/ Сағадинов Сағындық ӨмірбайұлыАқтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі
28 ақпан 2023 ж













